ӘР АЗАМАТ ТӘУЕЛСІЗДІК НЫШАНЫН ҚАСТЕРЛЕУІ КЕРЕК

Жаңалықтар Көкейтесті Қоғам Мәселе
Мен Туымды мақтан етемін! Байрақты бәсекелерде биік тұғырға көтеріліп, Туымызды көкте желбіреткен сәттерімде бойымды ерекше қуаныш билейтін. Көңілім толқып, көзіме жас келетін. Бұл – сөзбен сипаттап жеткізе алмайтын сәт. Осы сезімді әр азаматтың сезінгенін қалаймын. Ол үшін сөзсіз дүбірлі додада атой салу шарт емес, бұл сезім жүректе болуы керек.
Отансүйгіштік қасиеті қалыптасқан азамат кез келген жағдайда елін қорғап, Тәуелсіздік нышанын қастерлейді. Яғни, ел ішіне іріткі салуға тырысқан сырт көздердің жымысқы ойына қорған бола алады. Ол үшін ұлттық намыс әрдайым биікте тұруы керек!..
Мемлекетіміздің Тәуелсіздігі мәңгі болғай!
Біржан ЖАҚЫПОВ,
Бокстан Әлем чемпионы, Шымкент қаласының тұрғыны
Please follow and like us: