Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10қаралым

«Аntikor ortalyǵy» алаңында Miras университетінің оқытушы-профессорлық құрамымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында онлайн жиын өтті.
«Саналы ұрпақ» жобасы аясында өткен шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Жұмағали, басшының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері мен Университет проректоры В.Султанова және қызметкерлері қатысты.
Кездесуде Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде кезең-кезеңмен қабылданған заңнамалық шаралар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесін құру процесінде ISO 37001 «Парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі» халықаралық стандартын енгізу, академиялық адалдық жайы талқыланды.
Қатысушылардың назарына Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 15 бап бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру құқығы берілгендігі айтылып, әр бап бойынша жеке-жеке түсіндірілді.
Сонымен қатар, Университетте өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік, адалдық, әділдік, парасаттылық және отансүйгіштік сияқты құндылықтарды қалыптастыру мақсатында қолға алынған «Саналы ұрпақ» клубының жұмысы таныстырылды.
Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпаратты сеніп қалдыруға немесе кеңес алуға болатын 1424 Call-орталығы қатысушылардың назарына жеткізілді.

 

Please follow and like us: