Яндекс.Метрика
Журналистік ЗерттеуҚоғамҚоғаммен тікелей эфирМәселе

«АТАУЫ ЖОҚ» КӨШЕНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫН КІМ ТЫҢДАЙДЫ?

11қаралым

Шымкент қаласы Абай ауданы Самал-3 мөлтекаудан тұрғындары 5 жылдан бері өздерінің жан айқайларын жеткізе алмай, мәселелерінің шешімін таппай жүргендігін айтып көмек сұрады.  Барлығы 17 тұрғыны қол қойған шағымында: өздерінің тұратын көшелерінің атауының жоқтығы, жедел жәрдем, поиция шақырғанда көшелерінің атауы болмағандықтан келесі көшеден «келушілердің» алдынан құда күтетіндей жүгіріп шығатынын айтып талай жылдан бері шешімін таба алмай келгенін айтты. Сонымен қатар, көшелеріне асфальт төсеу жұмыстарына да көңілдерінің толмайтынын, тас төсеуді атүсті қарап, сапасының жоқтығын айтып, суағар мен жаяу жүргіншілер жолының салынбайтынына наразылықтарын білдірді. Байжанова Задагүл апайдың айтуынша:

-Талай жылдан бері  бармаған жеріміз қалмады, қақпаған есігіміз қалмады. Еш нәтиже жоқ. Сонда біздер не істеуіміз керек? Барсақ «бәлеқор» атансақ, өз құқығымызды сұрасақ та еш нәтиже болар емес. Уәделерінен шаршадық. Өздері жұмыс жүргізе ма? Қалай суағарсыз жол жасамақ? Бұл дегенің қолы жоқ адаммен бірдей емес пе? Кімге барамыз? Кім араша түседі? Пәлен жыл дегенде жол салып жатыр. Қараңызшы, қандай сапа көріп тұрсыз? Мынадан қандай жол болмақ? Сонда сапасыз жолды салып алып ертеңгі күні жауабын кімнен сұрамақпыз? Неге бақылап қадағаламайды? 26 млн теңге бөлінгенін білеміз. Бірақ, сапалы жол болады дегенге сенбейміз…..

Көше тұрғындары кезек кезек өз базыналарын айтып, құзырлы орындарға жеткізуімді сұрады. Біздің міндет халық пен билік арасына көпір болу, үндерін билікке жеткізу ғана.

Сонымен көше тұрғындарымен кездесуге барып мәселенің мән жайына қанықтық. Көшенің жөндеу жұмыстары енді ғана басталған екен. Тікелей эфирге қосылғаннан кейін көшеге Абай ауданы әкімінің орынбасраы Нұрлан Тілеш, Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары Абай Тұрханов және мердігер компанияның өкілі келді. Тұрғындар өтінішін тыңдап болып мәселенің шешу жолдарын қарастыратынын айтты.

 

Ортаға алған тұрғындар жан жақтан өз шағымдарын қала әкіміне жеткізуді, тротуар жол мен суағар салынбаса асфальт жолды салудың қажеттілігі жоқ екенін «шегелеп» айтты.

Арада екі күн өткенде Шымкент қаласы Абай аудандық Нұр Отан партиясының бақылау  комиссия төрағасы Нұрғазы Бұғарбай жедел түрде жиын жасап, көше тұрғындарынан өкілдерін шақырды. Сол өңірден сайланған депутат Ерболат Нұрмаханов пен  тиісті мекемелердің басшыларын, Абай аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Тілеш және мәселені көтерген журналист Анар Сулееваны арнайы шақырылды.

 

Жиында Абай Тұрханов 700 метрге тротуардың салынатынын айтты. Сонымен қатар, атауы жоқ көшенің «тағдырын» шешу жолында Жедел жәрдем мен Шымкент қалалық полиция департаментіне арнайы көшенің картасын нақтылап шақырылған жағдайда сол карта арқылы бару керектігін шешу үшін Абай аудан әкімдігіне тапсырылды. Ендігі мәселе суағар. Бұл мәселенің шешу жолдары қарастырылып жатқанын, бір апта ішінде нақты шешімін айтатынын жеткізде. Сонымен біз араласқан мәселе Шымкент қаласы әкімі Әйтеновтың бақылауында екенін баса айтқымыз келеді.

Please follow and like us: