БАС ПОЛИЦЕЙ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ…

Жаңалықтар Заң және қоғам Қоғам Құқықтық көмек

Еліміздің бас полицейі Ерлан Тұрғымбаевтың бүгінгі халыққа берген есебінде тұрғын үй алаптарының аулаларында модульдік үлгідегі стационарлық полиция бекеті орнатылғанын жеткізді.

Өз кезегінде ерекше назарды талап ететін учаскелерде криминогендік ахуалды жақсартуда үлкен септігін тигізеді. Нақты айтқанда қылмыстын алдын алуға немесе орын алған жағдайда оған жедел іс-қимыл жасауды талап етеді. Қазір Республикада 230 мыңдай камера жұмыс істейді. «Қауіпсіз аула» бағдарламасы аясында қашықтықтан бақылау мүмкіндігімен – 17,4 мың тұрғындардың бастамасы бойынша 40 мың камера орнатылғанын атап кетті. Аталаған азаматтардың өзінің және қоғамның қауіпсіздігіне бейжай қарамайтынын білдіреді. Еске салсақ Шымкент қаласының бас полицейі Ералы Жумаханбетов мырза да қала тұрғындарына аталмыш бағдарламасы аясында камераларды орнату үшін халық арасында насихаттау жұмыстарын жүргізуде. Шахарымыздың тұрғындары 17,4 мың азаматтардан үлгі алып, соңынан еріп, бір мезгіл көңіл бөлсе, нұр үстіне нұр болар еді.

Please follow and like us: