М.ӘЙТЕНОВ ҚОСЫМША ҒИМАРАТ ҚҰРЫЛЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов № 45 мектеп-гимназиясы жанындағы қосымша ғимарат құрылысының барысын тексерді. Нысан Ш. Қалдаяқов көшесінің бойындағы білім ошағының жанынан салынуда, ауданы 1,2909 га жерді қамтиды. Мұнда жаттығу және гимнастикалық сабақтарға арналған спорт залы қарастырылған. Сыйымдылығы 300 адам. 25 оқушы отыратын 12 сынып қарастырылған. Нысан құрылысы осы жылдың көктем айларында басталған. Аяқталу мерзімі […]

Continue Reading

ГИДРАНТТАР МЕН ПИРСТАР МАМАНДАР БАҚЫЛАУЫНДА

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссия отырысында өртке қарсы сумен жабдықтау жүйесінің жай-күйін бақылауға алуды тапсырған болатын. Осыған сәйкес «Су ресурстары маркетингі» ЖШС мен Су құбыры және канализация басқармасы көшелерде жарамсыз өрт гидранттарын қалпына келтіруді бастады. Айта кетейік, шаһар басшысы өз тапсырмасында қызыл жалынды сөндіруде өрт сөндірушілер және арнайы техникамен […]

Continue Reading

МҮЛІК САЛЫҒЫН ТӨЛЕУ МЕРЗІМІ 1 ҚАЗАНДА АЯҚТАЛАДЫ

Бұл туралы бүгін өткен брифингте Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы М.Көкенов айтты. «Жеке тұлғалардың мүлік салығының төлеу мерзімі салық салу обьектілерінің орналасқан жері бойынша есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қазанынан  кешіктірмей жүргізіледі. Яғни, 2021 жыл үшін жеке тұлғалардың жер және мүлік салықтарын төлеу мерзімі осы жылдың 1 қазанында […]

Continue Reading

БОКСТАН СЕЙІЛХАН САТТАРХАНҰЛЫН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР ӨТІП ЖАТЫР

Түркістан қаласында Сейілхан Саттарханұлын еске алуға арналған бокстан жасөспірімдер арасындағы ашық турнир басталды. Республикалық деңгейде ұйымдастырылған сайысқа 12-13 жас аралығындағы 120 спортшы қатысуда. Сейілхан Саттарханұлы – «Түркістан қаласының Құрметті азаматы», өнегелі өмірін шаһар дамуына арнаған жан. Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың әкесі. Әрі жастар арасындағы бокстың дамуында елеулі еңбек еткен азамат. Жарыстың ашылуында сөз сөйлеген қала […]

Continue Reading

МЕТАЛЛУРГТЕР СТАДИОНЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУДА

Шымкенттегі металлургтер стадионы қайта жаңаруда. Өткен ғасырдың 50-ші жылдары салынған спорттық нысан осы кезге дейін жөндеу көрмеген, қазір қайта жаңғыруда. Құрылыс барысын шаһар басшысы М.Әйтенов арнайы барып, жұмыстардың орындалу барысын тексерді. Жоба бойынша мұнда әкімшілік-тұрмыстық корпус (АБК), спорт залдар, асхана, командалық ойындарға арналған спортзалдар, 62 орынға арналған спортшылар үйі, 1504 орынға арналған трибуна, командалық киім […]

Continue Reading

ҚҰРСАЙЛЫҚ 41 680 ТҰРҒЫН ТАЯУДА САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Бүгін қала басшысы М.Әйтенов Құрсай шағын ауданы инфрақұрылым жұмыстарының құрылыс барысын тексерді. 7 560-тан астам тұрғыны бар аумақты сапалы ауыз сумен қамту үшін құрылыс жұмыстары 2 кезеңмен атқарылуда. 1-кезеңде 185,5 шақырымға су құбыры тартылып, бітуге жақын. Нәтижесінде 4 900 абонент сапалы ауыз сумен қамтылады. Ал 2-кезеңде тартылатын су жүйесінің жалпы ұзындығы 151 шақырымды құрайды, құрылыс […]

Continue Reading

ПРЕЗИДЕНТ ШЫМКЕНТ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК ҚУАТЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында Шымкент мұнай өңдеу зауытына барды. Зауытты басқарушы компания – «Петро Қазақстан Ойл продактс» ЖШС-нің президенті Ерболат Қожабаев Мемлекет басшысына қайта жаңғыртудан өткен өндірістің қазіргі жұмысы туралы баяндады. Бүгінде зауыттың жобалық қуаты жылына 6 миллион тонна мұнай өңдей алатын деңгейге жетіп, К-4, К-5 экологиялық санатындағы жанар-жағармай өндіре бастаған. Бұдан […]

Continue Reading

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Былтыр стадионда футбол матчы болып жатқанда спорт кешенінің шатыры тудың тұғырын басып қалғаны елдің есінде. Сол кезде тұрғындар қауіп-қатерге қарамастан, шатырдың астынан Көк байрағымызды алып шықты. Шынайы отаншылдық осындай әрекеттен көрінеді. Құр сөзден түк шықпайды. Алаңдарға шығып, жалған ұран тастап жүргендердің, меніңше, нағыз отансүйгіштікке ешқандай қатысы жоқ. Қастерлі туымызды жерге түсірмей алып шыққан бірнеше жігіт […]

Continue Reading

Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Осындай аса күрделі геосаяси жағдайда Қазақстанның сыртқы саясаты мемлекеттігімізді одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Біздің халықаралық аренадағы қызметіміздің басты мақсаты – Қазақстанның және халқымыздың мүддесі. Халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының үстемдігі үшін күресеміз. Біз халықаралық қатынастарда әділеттілік, ішкі істерге араласпау, мемлекеттің егемендігі мен территориялық тұтастығын құрметтеу қағидаттарын нығайтуды аса маңызды деп санаймыз. […]

Continue Reading

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ШЫМКЕНТ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСУІНДЕ СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН:

▪️ Шымкентті дамытуға 170 миллиард теңге қаржы бөлінді; ▪️ 1,5 триллион теңгеден астам инвестиция тартылды; ▪️ қала бюджеті 4 есе өсті; ▪️ қаладағы өнеркәсіп өнімі 65 пайызға артты; ▪️ аумағы 2,5 миллион шаршы метрден асатын тұрғын-үй салынды; ▪️ соңғы жылдары шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 40 пайызға жетті, осы салада 180 мыңға […]

Continue Reading