ЦИТАДЕЛЬДІҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ӨТЕДІ

Жаңалықтар Қоғам

Елімізде төтенше жағдай енгізген уақыттан бері қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының 18 мекемесі тарапынан онлайн түрде 820 іс-шара өтіп, 63 бейнеролик дайындалып, 300 мыңға жуық көрермен тамашалаған.  Бұл туралы Шымкент қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Рашид Мыңбаевтың қатысуымен өткен брифингте айтылды.

Аталған мәдени шараларға қаржы жұмсалмаған. Яғни, аталған басқармаға бөлінген қаржы індетке байланысты толық қайтарылған. Осы ретте басқарма басшысы «Шымкент қалашығы» (Цитадель) нысанын қайта қалпына келтіру және абаттандыру мен мұражайландыру жұмыстары аяқталып жатқанын алға тартып, күз айында бітетінін айтты. Салтанатты ашылу рәсімі онлайн форматта өтеді.

Баспасөз мәжілісінде белгілі болғандай, бүгінде қалада атауы жоқ 644 көше бар. Есепті мерзімде атауы жоқ көшелерге атау беру бойынша жалпы саны 381 ұсыныс жинақталып, құжаттары рәсімделіп, Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізілген. Қалған атауы жоқ көшелер бойынша ұсыныс тамыз айында Республикалық ономастика комиссиясына жіберіледі.

Брифинг соңында басқарма басшысы БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

 

 

Please follow and like us: