ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Жаңалықтар
Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында ауқымды дезинфекциялау жұмыстары басталды.
Залалсыздандыру жұмыстары бүгінгі таңда қоғамдық көлікте, Теміржол вокзалы мен халықаралық әуежайда және адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарда жүргізілуде.
Тұрғындарды тасымалдап жүрген қаладағы 700 қоғамдық көлікке күніне екі рет дезинфекция жұмыстары жүргізілсе, т/ж вокзалы мен халықаралық әуежай күн сайын дезинфекциялық өңдеуден өтуде.
Ал, қоғамдық көліктерді жедел өңдеу мен толық қамту үшін дезинфекциялық бригадалары бар арнайы 25 орын дайындалған.
Осынау барынша ауқымды залалсыздандыру жұмыстарына 41 техника бірлігі мен 50 шақты адам жұмылдырылды.
Дезинфекциялық өңдеу үшін адамдар мен жануарларға ешқандай қауіп төндірмейтін 4-ші сыныпты қауіпсіз препараттар қолданылуда.
Бүгінгі таңда залалсыздандыру жұмыстарды «Дезинфекция» медициналық мекемесі жүргізіп отыр. Аталған мекеме көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында аккредиттелген зертханаларда дезинфекциялық ерітінділерге жүйелі түрде зертханалық зерттеу өткізіп тұрады.
Қазіргі уақытта мекеменің қорында 3 млн. шаршы метрден астам аумақты өңдеуге мүмкіндік беретін дезинфекциялық препарат бар.
Please follow and like us: