Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ АДАЛДЫҚҚА ШАҚЫРЫЛДЫ

4қаралым

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асырудағы негізгі басымдықтардың бірі превенция, яғни сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып табылады. Осы ретте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен қалалық ақпараттық-ағартушылық штаб өкілдері еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізуде.

Осындай кездесулердің бірі, бүгін қалалық экология департаментінің ұжымымен ұйымдастырылып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында қолға алынған жобалармен қатар парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру жолдары талқыланды.

Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова жемқорлықтың алдын алу мақсатындағы әр саладағы жобаларға, атап айтқанда, жол саласында «Сапалы жол», теміржол саласындағы «Адал жол», кәсіпкерлікті қолдаудағы «Бизнес пен инвесторларды қорғау», мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз етудегі «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» және тағы да басқа жобаларына және аталған жобалардың барлығын біріктіретін қоғамдағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған негізгі жоба «Шымкент — Адалдық алаңы» жобасына кеңінен тоқталды.

Өз кезегінде, Ақпараттық-ағартушылық штаб мүшесі Әзімхан Исабек биыл барша ел болып, халқымыздың ғұлама ойшылы, ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын өткізіп жатқандығын атап өтті. Ұлы Абай еңбектерінде адал еңбекті, адал ара қатынасты өмірлік ұстаным етуді дәріптегендігін жеткізді. Ол несібесін өз еңбегімен, адал тапқан адам ортасына сыйлы, ардақты, құрметті болатынын түсіне білуі керек деді.

Шара барысында сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кез-келген азамат Агенттіктің 1424 Call-орталығына хабарласу қажеттігі айтылды.

 

Please follow and like us: