Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарЗаң және қоғам

ГАРАЖДА ТҰРҒАН КӨЛІКТІ ҰРЛАҒАН ЖАС ЖІГІТ АНЫҚТАЛДЫ

26қаралым

Түлкібас АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі шағым түсірді. Әйелдің айтуынша, олардың гаражында тұрған «ВАЗ» маркалы автокөлік белгісіз жағдайда жоқ болған. Ақпарат алысымен оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты.
Полицейлердің анықтауынша, көпқабатты үйдің ауласында орналасқан гараждан жәбірленушінің туысына тиесілі «ВАЗ» көлігін белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Шығын көлемі шамамен 500 000 теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер, тәулік ішінде күдіктінің жеке басын анықтады. Полиция бөліміне жеткізілген күдікті Түлкібас ауданының тұрғыны болып шықты. Белгілі болғандай, жас жігіт ашық тұрған гараждан көлікті ұрлап әкетіп, кейін айдалаға, егістікке тастап кеткен. Тәртіп сақшылары ұрланған көлікті заңды иесіне қайтарды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуға және өз мүлкін сақтау шараларын қолдануға кеңес береді. Сондай-ақ, мүмкіндігінше үй-жайларда бейнебақылау камерасы мен күзет дабылын орнату қажет. Егер, сіз, автокөлікті ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда 102 телефоны бойынша дереу полицияға хабарласыңыз.

Please follow and like us: