Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарЗаң және қоғам

ІІМ жасырын казино ашқан қылмыстық топты ұстады

1.9kқаралым

13 қарашаға қараған түні ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бөлімшелері Алматы қаласындағы ғимараттардың бірінде Сәтпаев көшесінің бойында жасырын казино ұйымдастырған қылмыстық топты ұстау бойынша арнайы іс-шара өткізді. Тыйым салынған ойын мекемесі қаланың Бостандық ауданындағы көпқабатты үйдің жертөлесінде орналасқан. Ол жерге кіру тек құпия сөз арқылы болды. Арнайы іс-шара кезінде казинода 20-дан астам келушілер болған, олардың арасында 30 жылдық тәжірибесі бар ойыншылар да бар. Іс-шара нәтижесінде 20-дан астам ойын жабдығы, ірі көлемдегі ақша, келушілердің аты-жөні жазылған тізім, ақшаның кіріс-шығыс жазбалары бар құжаттама тәркіленді. Қылмыстық әрекеттен түскен кірістің шамамен сомасы күніне 5 миллион теңгеден асып отырған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 307-бабы 1-бөлігімен (Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта казино иесін анықтап, жауапкершілікке тарту бойынша жедел шаралар жүргізілуде.

Please follow and like us: