КӘМЕЛЕТ ЖАСЫНА ТОЛМАҒАН 22 ЖАСӨСПІРІМНІҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛІНСІЗ ЖҮРГЕНІ АНЫҚТАЛДЫ

Жаңалықтар
Шымкент – қауіпсіз қала. Аудан аумақтарында жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, түнгі уақытта кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің заңды өкілінсіз жүруін анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Әл-Фараби ауданының әкімдігі жауапты ювеналдық полиция қызметкерлерімен бірлесе жүргізген рейдтік іс-шара барысында А.Байтұрсынов, Б.Момышұлы, Республика, Тәуке хан даңғылы, А.Асқаров, Ә.Жангелдин, Ш.Қалдаяқов көшелері және Әл-Фараби алаңы мен Арбат аумағында орналасқан ойынханаларда кәмелет жасына толмаған, заңды өкілінсіз жүрген 22 жасөспірім анықталды.
Іс-шара нәтижесінде кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің ата-аналарына әкімшілік хаттамалар толтырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, ауданда құрылған мобильді топ карантиндік талаптарды сақтамаған 7 ойынхананы (компьютерлік клуб) жауапкершілікке тартты. Аталған жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табады.
Please follow and like us: