КОРОНАВИРУСТЫ ЖҰҚТЫРМАУДЫҢ БІР ЖОЛЫ – ВАКЦИНА САЛДЫРУ

Жаңалықтар
Абылай Донбай, Шымкент қаласы N1 клиникалық аурухананың бас дәрігері:
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!
Мен, Донбай Абылай Абдужаппарұлы, Шымкент қаласының N1 клиникалық аурухананың бас дәрігерімін.
Қазақта мынандай сөз бар: “Дені сау адамның басында алтын тәж бар, оны тек аурулар ғана көре алады”.
Денсаулық дегеніміз ол – үлкен аманат. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік. Қазіргі таңда Шымкент қаласында эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз болып тұр. Жұқтырғандар саны күннен күнге артып келеді. Жұқтырмаудың бір жолы ол – вакцина салдыру. Сіздерді аурудың алдын алуды шақырамын.
18 жастан асқан, Шымкент қаласының тұрғындарының барлығына вакцина салуға болады. Оны салдырмай тұрып дәрігерден консультация аласыздар. Және де вакцина салдырған соң арнайы карточка беріледі. Сіздер үшін таңғы сағат 8:00-ден түнгі 00:00-ге дейін барлық емханаларда вакцина салдыруға болады. Шымкент қаласы бойынша 45-тен астам вакцина салдыру пункті бар.
Барлықтарыңызды қалыпты өмірге оралу үшін коронавирусқа қарсы екпе алуға шақырамыз!
Please follow and like us: