Яндекс.Метрика
Журналистік ЗерттеуМәселе

МӘДЕНИЕТТІ «МӘДЕНИЕТСІЗДЕР» ҚАШАНҒЫ ТАЙРАҢДАЙДЫ?

22қаралым

Мәдениет саласындағы құлдырау күннен күнге өрши түсуде. Экранды жайлаған «сауатсыз» әншілер мен «білімсіз» де сапасыз бағдарламалардың дәурені жүріп тұрғаны мәдениет министрлігінің қауқарсыздығы болар? Заңды бекітіп, эфир мәдениетін әрбірінен талап етсе әрине жөнге келер ма еді деген арманды жазбаған жан қалмаған да шығар??!

Белгілі Қазақ телевизиясының ардагер журналисі, публицист-жазушы Құсыман Игісінов:

— Эфирдегі жүргізуші қандай болуы керек?

— Бұрындары көрерменнің ықыласы өте мол болатын. Ол кезде біз телеарнада жүргізуші болып жүріп, рейтинг жинаймыз дегенді ойламайтынбыз. Қазір жұлдыз көбейіп кетті ғой. Біздің жұлдыз болу деген қаперімізге келмейтін. Қазір әзіл-ысқақ, шоу дейтіндер көп. Ойнағанда тіпті әсірелеп ойнайды. Айқай-шу жатқан. «Ей-ей» — дейді, қала берді төбелес. Эфирдің мәдениеті деген жоқ қазір. Эфирге орта жасқа келіп қалған қыздарымыз шығады, бала тәрбиесі дей ме, жасанды бәрі, бет-ауыздарын тарттырып тастаған, өтірік езу тартқан болады. Шын жүректен айтып, әңгімелеу деген болады ғой. Адаммен сөйлесу деген адамның жанына үңілу деген сөз. Алдыңдағы адамның не айтқысы келгенін көзінен байқап отырасың. Көз деген көңілдегіні білдіретін шаруа ғой. Біздің жүргізушілер кейіпкерден гөрі өздерінің бет-әлпетін көбірек ойлайды. Эфирдегі жүргізуші телеарнаны көрген екі жасар баладан бастап, еңкейген қартқа дейін үлгі болып, сөзі мен сымбаты үйлесім тапса, қандай ғанибет. Жүргізуші көрерменнің алдындағы жауапкершілігін түсініп, аузынан шыққан сөзін түзесе, мәдениет деген сол.

(Қазақ газеттері Мамыр 31, 2019) деген болатын.

Ал, ендеше көгілдір экрандағы мәдениет деңгейі қандай?

Мәселен республикалық теледидардан белгілі әншілер Айгүл Иманбаева мен Жанар Айжанова тұрақты жүргізетін «Той Bestar» хабарын алайық. Екеуі де кәсіби журналист емес. Бірақ экран алдындағы жауапкершілік бәріне бірдей. Ең бірінші ескертер жай, осы хабардың идеясының өзі бұлдырлау. Айгүл мен Жанардың жөн жосықсыз, мүлде ретсіз күлуі түсініксіз әрине. Сөйлеу мәдениеттері төмен.Экранда отырған жүргізушілер теледидардағы сөз бен дастархан басында, той думанда айтылатын әнгіме айырмашылығын жан жүрегімен сезінсе шіркін. Атақты ерлі- зайыпты әншілер Қыдырәлі Болманов, Қарақат Әбілдина жүргізетін «Бенифис шоу» хабары да жетісіп тұрған жоқ. Бұлардың талантты әншіліктеріне түк дауымыз жоқ. Бірақ экранда сөз қолданыстары, сөйлемдерді құрауы, мәтіндерге мән беруі шамалы. Көркемдіктің көк
жиегі анық күйінде, пәлендей көзге түспейді.

(Н.О. Мұқатов. А. Байтұрсынұлы атындағы мемлекеттік университетінің доценті)

Жақында ғана атақты «Қалаулым» бағдарламасының жабылуына еліміздің Президенті араласып, жабылады деген үміт силаған болатын. Елдің алдында бет жыртысып, шаш жұлысып, жұдырық ала жүгірген қазақтың қыз жігіттерінің келбетін әлемге «мәдениетсіз» кейіпте көрсету кімге керек? Шынымен де қазақ жастары осындай ма?  Неге бұл масқаралау үшін эфир пайдаланып бақандай 3 сағаттан қос каналдан 6 сағат мүмкіндік беріп қойды? Әрине, бұған мәдениет министрі «қыңқ» ете қоймағаны елдің ашуына тигені де жасырын емес. Дегенмен, еліміздің мәдениетін көрсеткісі келсе неге салт дәстүрді дәріптеуге осындай уақыт беріп насихаттамады?

Эфирде белті жылтырдың бәрі жүргізуші болып,  фонограммамен «сайрайтындар»ән айтып әнші болғаны  эфир мәдениетін құртып елімізді сайқымазақ кейпінде өзге елдерге таныстырып жатқаны өкінішті…

Ал шын мәнінде диктор деген кім? Жүргізуші мен тікелей эфир жүргізуші кім?

Диктор — шебер шешен оқу мәнерімен мәтінді жандандыратын ішкі жан дүниесі бай өнер адамы. Диктордің жүргізушіден айырмашылығы неде? -дегенге келсек, ол аудиторияны басқарып, бағыттап отырмайды. Оның атқаратын міндетінің өзі тыңдаушылар мен көрермен қауымға ақпаратты, журналистің дайындаған мәтінін жеткізу. Алайда, бұл диктор қызметінің қатып қалған қағидасы емес. Егер диктор бағдарлама жүргізетін,  тікелей хабарға жетекшілік ететін болса, әрине, ол қатысушылармен, аудиториямен қарым-қатынас жасауына тура келеді.

Жүргізуші- бұған радио, телевизия, сахна өнері және түрлі мәдени іс-шараларын жүргізетін барлық жүргізушілерді жатқызуға болады.

Жүргізуші — өмірлік тәжірибесі мол, жан-жақты, білімді, рухани әлеуеті мықты, алғыр әрі әзілқой, ойлау қабілеті жылдам тапқыр, кішіпейіл бола тұра өзіне сенімді, адамдармен жайлы қарым-қатынас жасай алатын тұлға.  Тікелей мағынасы бойынша түсіндірсек, жүргізуші дегеніміз тыңдаушылар мен көрерменді бағдарламаның айналасына топтастырушы. Кең арнада қарастырсақ, тыңдау, пайымдау, сөйлеу, баяндау және әртістік өнерді меңгерген сезімтал жан болуға тиіс.

Тікелей эфир дикторы, жүргізушілер- Тікелей эфир бағдарламаларын көбінесе тәжірибелі жүргізушілер атқарады. Оның жауапкершілігі де айтарлықтай. Мемлекеттік немесе халықаралық маңызы бар ірі іс шаралардың ашылу немесе жабылу салтанатты рәсімдері кезінде тікелей эфир арқылы оқиғаны халыққа жеткізу оңай шаруа емес. «Азиада» тұсында тікелей эфирге жүргізуші болып тағайындалған белгілі әншінің тележурналистикадағы тәжірибесіздігі халыққа сол сәтте әшкере болғаны телевизия ұжымдарына үлкен сабақ болса керек. Жүргізушінің жеке дайындығы да бұл жерде елеулі рөл атқармақ.

Әрине ойымызды ашық айттық, керек деректерді әлемжеліден де алынды. Бұл бір ғана мақаламен мәселенің шешілмейтіні хақ болса, айтар ұсынысымыз бен  пікірімізді ескерсе эфир мәдениетін сақтау үшін арнайы диктор мен эфир жүргізушілерді арнайы сұрыптудан өткізіп, телеарна басшыларынан сұрауды талап ететін кез келгені қашан? Мәдениет министріміз эфирде болып жатқан дүниелерді реттеп мазаққа айналмаудың жолын қарастырып, бейберекет бағдарламамен «танымал жүргізушілерді» де эфир мәдениетін сақтауды, тіл мәднеиетіне ерекше назар аударуды сұраса деген ұсыныс. Қалай десек те біздің басты байлығымыз тіл мен салт дәстүр екенін естен шығармай барынша уақытты сондай бағдарламаларға беруді қолға алса.т

Аманның Анары.

Please follow and like us: