МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА 14,6 МЫҢ ТОННА ЕТ ӨНДІРУ ЖОСПАРЛАНУДА

Қоғам
Шымкент қаласында 2021 жылы мал шаруашылығы, құс шаруашылығын дамытуда бірқатар жобалар іске асырылады. Мал бордақылау алаңдарының саны артып, жұмыртқа өндіру көлемі ұлғаяды деп күтілуде.
Атап айтқанда, «Абдукаримов» ЖК 1000 басқа арналған мал бордақылау алаңын салып, 500 басқа арналған жылқы бордақылау жобасын жүзеге асырмақ. Жоба құны – 500 млн теңге. Ашылатын жұмыс орны – 18.
«Наркулов» жеке кәсіпкерлігі жоба құны 185,0 млн теңгені құрайтын 500 басқа арналған мал бордақылау жобасын іске асырмақ. «Корно» – 1 өндірістік кооперативі 50 басқа арналған асыл тұқымды сүт фермасын құруды жоспарлауда. Жоба құны – 85,0 млн теңге.
Сондай-ақ, «Тассай құс» ЖШС 50 млн данаға дейін жұмыртқа (Жоба құны 200 млн теңге), «Султанкулов» ЖК 500 тонна бройлер құс етін өндіру жобасын қолға алмақ.
Жалпы 2021 жылы 14,6 мың тонна ет, 47,4 мың тонна сүт, 165,0 млн. дана жұмыртқа өндіру күтілуде.
Please follow and like us: