Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарМәселеСпорт

МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРІЛДІ

92қаралым

Ұлттық және мемлекеттік мереке ретінде қоғамдық қолдауға ие болған Республика күні Қазақстанның жаңа тарихында еліміздің басты мерекелерінің бірі болып қайта оралды. Осыған орай бүгін Шымкентте Тәуелсіздік алаңында Туымыз көкке көтерілді.

Салтанатты рәсімге қала басшысы М.Әйтенов, халық қалаулылары, құқық қорғау орган басшылары, сот, қоғам белсенділері мен БАҚ қатысты.

Тарихи датаның маңыздылығын айтқан М.Дүйсенбекұлы жиналған қауымды айтулы күнмен құттықтады.

“25 қазан — Республика күні — егемендігіміз бен елдігіміздің нышаны. Көк туымыз көктен түспесін, бай-қуатты мәңгілік мемлекетке айналайық! Шым шаһарымыз бұдан да көркейіп, гүлденуі жолында сіз бен біз боп бірлесе атсалыса берейік!”-деді әкім.

Шымкент қалалық опера және балет театрының хор ұжымы “Көк тудың желбірегені” әнін орындап, әскери үрмелі оркестрдің орындауында патриоттық музыкалық әуендер шырқалды.

Мерекені айшықтай түсу мақсатында салтанатты шара вело және көліктер шеруіне жалғасты.

Please follow and like us: