МИЛЛИОНДАР ҚАЙДА немесе НАУРЫЗҒА ҚАНША ҚАРАЖАТ ЖҰМСАЛДЫ?

Жаңалықтар Заң және қоғам Көкейтесті Қоғам Мәселе
Әлеуметтік желіде Шымкент қаласында тойланған Наурыз мерекесіне жұмсалған миллиондар қызу талқыға түсті. 572 млн-ды бір күнде жұмсайтындай мәдениет басқармасы айға барып тойламақ па? Әйтеуір не керек, шымкенттік Мәдениет Басқармасын «теріс есекке» мінгестіріп жіберді…
Шымкент Республикалық маңызы бар қала статусын алғалы еліміздегі танымал тұлғалар қызметке келіп жатты. Біреу қуанса, енді біріміз сынап жаттық. Мәдениет үйіне директор болып сайланған Сәкен Майғазиевты да «парақор, ол да былғанып үлгерді ме?» деген сарында пікірлер көптеп жазылды. Мегаполис болып үштікке енгенде ендігі мақсатымыз не? «Атақтылар» мәдениетімізді шынымен дамыта ала ма? Көкейдегі сұрақтар көп, бірақ уақыт көрсетер деп әліптің артын бағып жүргенде Наурызға бөлінген қаржы туралы үлкен дау басталып кетті. Қоғамда қызу талқыға түсіп, екіге бөлінді. Бүгін шұғыл баспасөз ұйымдастырған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласы Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқарма басшысы Ханзада Есенова және Мәдениет үйінің директоры Сәкен Майғазиевтар түсіндірме берді.
Баспасөз жиынына тоқталмас бұрын екі мегаполистің қаржысы туралы аз кем ақпарат бере кетсем;
Алматы қаласының мәдениетіне 14 млрд., Нұр Сұлтан қаласының мәдениетіне 12 млрд. қаражат қаралыпты. Енді осы сатып алу сайтының «жілігін шағып, майын ішкен» зерттеушілер неге «аттандап» немесе «атой» салып ұрандап шықпады? Айналайындар-ау, пандемия кезінде бұл қаражатты қалай игеріп, қалай тойламақсыңдар деп неге сұрау салмады? Әлде, Шымкентті «жамандауға» немесе «аттандауға» «арнау» алған ба? Әрине, адамның ішкі түйсігіне, адамгершілігіне салдық….
Бірақ, соңғы кезде Шымкентті жаман етіп көрсетуге «топ» пайда болды десек те болады. Дұрыс-ақ, зерттепсіңдер, ендеше неге анықтап жазбасқа? Мемлекеттік сатып алу сайтыналға тартып қоймадыңдар ғой? (ескертем, ол миллионнан тиын да төленген жоқ))
Сонымен баспасөзге оралсақ;
Шыңғыс Мұқан: Наурызды тойлауға бірде бір тиын төленбеді. Иә, жалпы Наурызды тойлауға 213 млн. қарастырылып жұмсалды. Бірақ, ақысы әлі төленген жоқ. Ал 572 млн. жылдың соңына дейін қарастырылған қаражат. Қызу талқыға түсетіндей тиыны төленбеді. Мемлекеттің әрбір тиыны тексеріледі, судың да сұрауы бар. Иә, мемлекеттің қаражатын ысырап етіп жұмсау емес, халықтың пайдасына ғана жұмсау біздің басты мақсатымыз. Бұл тек біздің емес маслихат депутаттарының, құзырлы орындардың да жіті бақылауында. Осыны ескерсек екен.
Сәкен Майғазиев: Мемлекеттік қызметке келерде мен халқыма не бере аламын? Қандай пайдам тиер екен? Халықтың алдында Сәкен болып қалыптассам, сол Сәкеннің халқыма берері болса неге бермеске деп келдім. Мен ақшаны ойлап, арымды ақшаға айырбастауды емес халқыма тигізер пайдам мен қосар үлесімді ғана ойлаймын.
Журналист пен блогерлердің айырмашылығы неде?
Журналист кез келген ақпараттың шынайылығын тексеріп, зерттеп барып жазады. Халыққа дұрыс ақпараттың жетуіне үлес қосады. Ал, блогерлер қоғамдағы талқыланып жатқан мәселені жалпылама жеткізуші. Ендеше, көнеден келе жатқан айтысты неге дамытпасқа? Наурызды неге насихаттап тойламасқа? Иә, пандемия деген жан жағымыздан қысымға алып жатқанда тойлайтын кез еместігін ескердік. Санитарлық талаптарды сақтай отырып, онлайн етуді ұйғардық. Үйдегі халыққа аз кем болса да көңіл күй силауда ғана. Айтыстың өтуіне 22 млн-дай қаражат жұмсалды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген ақындар, төрешілер мен оларға кеткен шығындар, өтетін орынның жарықтандыру сияқты дегендей… Сын жазылмасын емес. Жазылсын. Айтылсын. Бірақ, әрбір сынның артында адам тағдыры тұрғанын ұмытпаса… Адамның абыройы мен намысы бар екенін естен шығармайық. Сын дұрыс па, нәтижеге жұмыс жасаймыз.
Желіде жазылып жатқан дүниелерге көңілім құлазыды. Анам мені уайымдап қалды, жекеме түрлі хабарлама жазып, рас өтірігін сұрап жатыр. Ағайын, ақпарат таратарда абайлайықшы.
Иә, соңғы кезде Шымкентке қатысты түрлі ақпараттар тарап жатады. Ол рас па, қаншалықты тексеріліп дәлелденген ақпарат, ешкімнің басы ауырып жатқан жоқ.
Ендеше, Наурыз тақырыбына нүкте қойылды деп ойлаймын. Бір ғана Наурыз емес, жыл соңына дейін жұмсалатын қаржы болғандықтан, әліптің артын күтейік.
А.Сулеева
Please follow and like us: