МҰРАТ ӘЙТЕНОВ «НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ТЕКСЕРДІ

Жаңалықтар Қоғам Мәселе

Шымкент қаласындағы Тұран шағын ауданында былтырғы жылдан құрылысы өтпелі 41 тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. Пәтер саны 2432 болатын үй жыл қорытындысымен пайдалануға берілмек.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысын бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов аралап көрді.

Өз баяндамасында, қалалық құрылыс басқармасының басшысы Ә.Рабаев құрылыс материалдардың отандық өнім үлесі 91 пайызды құрайтынын мәлімдеді.

Мердігерлермен кездескен шаһар басшысы тұрғындар үшін баспана сапасы маңызды екенін айтып, жұмыстың қарқыны мен сапасын назарда ұстауды тапсырды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты баспанамен қамту мәселесін жіті назарда ұстайды. Бұл бағытта елімізде арнайы бағдарламалар әзірленді. Кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамту үшін тұрғын үйлер көптеп салынуда. Бүгінде қаламызда 43 мыңнан астам адам кезекте тұр. Сондықтан үйлердің құрылысын жеделдетуіміз керек. Құрылыс жұмыстарын үздіксіз жүргізу үшін де Шымкенттің ауа райыда ыңғайлы. Қажет болса, түйткілді мәселелерді шұғыл шешу үшін апта сайын кездесіп отырайық»,-деді М.Әйтенов.

Сонымен қатар, құрылыс аумағының тазалығына көңіл бөлуді, әркім өз жұмысында басқасының еңбегін бағалау керектігін айтты.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Тұран шағын ауданындағы 25, 26, 28, 29 орамдарда бюджет есебінен 88 үйдің құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 47 үй, яғни 3144 пәтер 2020-2021 жылы пайдалануға берілген.

Осы жылы аталған шағын ауданда жалпы 2700 пәтерлі көпқабатты 50 тұрғын үйдің құрылысы басталады. Қазір жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Please follow and like us: