ӨРТ СӨНДІРУШІНІҢ БІР КҮНІ

Жаңалықтар
101, 102,103. Бұл нөмірлерді бала кезден жатқа білеміз. Иелері – қандай да бір қиын жағдайға тап болсақ, құтқарады, арашалайды. Біз, бүгін осы 101 өрт сөндірушілер жайлы айтатын боламыз.
Өрт сөндіруші мамандығы нағыз өжет жандардың мамандығы. Сондықтанда оған тепсе темір үзетін, білекті де жүректі, сыр беріп сескенбейтін қайсар жандар таңдалып алынады. Өйткені олар тәуліктің кез келген уақытында, аптап ыстық пен қақаған аязда отқа да, суға да түседі. Тілсіз жаумен бетпе бет күреседі. Басты мақсат-құтқару. Ал бұл қасиеттің барлығы да шымкенттік өрт сөндірушілердің бойынан табылады. Оған дәлел талай құтқарылған өмірлер.
Ал төтенше жағдай орын алмаса да өрт сөндірушілердің жұмыс кестелері тығыз. Жұмыс уақытысы алдымен жеке құрамның сап түзеуінен басталады. Содан соң қарауылдар кезекшілікті қабылдап алады, оның ішінде техниканың жай-күйі мен тиісті құрал-жабдықтардың жұмысқа дайын болуы тексеріледі. Одан әрі өрт құтқару дайындығы бойынша нормативтерді тапсырады, жауынгерлік дайындығы тексеріледі.
Арнайы әзірліктен өткен жетекші офицерлердің дәрістерін тыңдап, арнайы тақырыптарда конспект жазады.
Түскі астан кейін теориялық білімдерін практикамен ұштастырады. Талапқа сай сапқа тұру, жүру, тіпті сәлемдесуде пысықталады.
Осындай үздіксіз жасаған жаттығулардың нәтижесінде төтенше жағдай орын алған жағдайда өрт сөндірушілеріміз қауқарлы болады.
Айналасын жалмаған алапат өртті ауыздықтау үшін өрт сөндірушілеріміз әрдайым дайындық үстінде болады. Бұл салада маңызды құрал өрт сөндіру техникасы.
Оқиға орнына өрт сөндірушілерді де, өртті сөндіруге қажетті суды да жеткізетін бұл техникалардың дайындығын тексеру аса маңызды. Мұқияттылықты талап етеді. Сондай-ақ өрт сөндіру құрал-жабдықтарыныңда жұмыс қалпын үнемі бақылауда ұстау қажет.Бөлім аумағының тазалығына да жете көңіл бөлінеді.
Жалыннан жасқанбайтын бұл мамандық иелерінің әр минуты жоспарланған. Барлығы темірдей тәртіпке бағынады. Тосыннан төнген төтенше жағдаймен бет-бет келетін өрт сөндірушілердің психологиялық дайындықтарына жете көңіл бөлінеді. Яғни кешкі астан кейін біраз демалуға рұқсат етіледі. Алайда тосыннан төтенше жағдай орын алған жағдайда күнделікті жоспарлы күнтізбеге қарамастан сайдың тасындай сайыпқыран өрт сөндірушілер бірінші кезекте төтенше жағдайдың жоюға, адам өмірін құтқаруға асығады. Өйткені ең негізгі міндет-құтқару.
Please follow and like us: