Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарЖурналистік ЗерттеуЗаң және қоғамМәселе

ӨЗГЕНІҢ ЖЕРІН ӨЗІНЕ ЗАҢДАСТЫРҒАН БАСШЫ КІМ?

17қаралым

Шымкент қаласының прокуроры Назарына!

Сайрам ауданы және Шымкент қаласының әкімі Назарына!

Редакцияға арыз шағым көптеп келетіні жасырын емес. Солқылдақ заңнан пайдасынан зияны көптеп қандай жағдайда кездеседі? Заңның орындалуына емес әділетсіздікке ұшырадым деген қоғам көзқарасы қалыптасқан кезде оны түбегейлі өзгерту мүмкін емес ау?

Сондай шағым,  кезінде Түркістан облысы, Сайрам ауданына қарасты біраз жерлер мен ауылдық елді мекендер Шымкент қаласына өткен болатын. Сол кезде қаншама дау туындап құжаттандыру мәселесі өзекті болғаны тағы бар.

Енді шағымды тыңдап көрелік:

2009 жылы сатып алынған жердің Шымкент қаласына өтуіне байланысты мемлекеттік АКТ, техникалық құжаттарда көрсетілген мекен жайдан мүлде бөлек мекен жайға лақтырып, қолдан жасанды құжат жасау арқылы өздеріне қарасты адамға рәсімдеп қойған деген күдігіміз бар. Себебі, ұсынып отырған құжаттарда заңды күші бар, мөрі басылып лауазымды адамдардың қолы қойылған мемлекеттік АКТ бола тұра кадастрлық іс құжаттарының қағаздарын ауыстырып қойған. Неге десеңіздер, қолымыздағы құжаттағы картада көрсетілген жер емес мүлде басқа жердің картасын көрсетуде.

 

Сіздерден журналистік зерттеу жүргізіп заңдылықты орындалуына ықпал жасауыңызды сұраймын.-делінген.

Зерттеу барысында құжаттағы жердің басына барып тікелей эфир жүргізілді. Көршілердің айтуы бойынша  құрылыс жұмыстары жүргізілген кезде Бейбіттің (арызданушы) болғанын, көршілер бірге қазық қаққанын айтып берді. Шымкент қалалық кадастр бөліміне барғанымызда басшы орынбасары  уақытының жоқтығын айтты. Басшыны жұмыс орнында ұстау, алдына кіріп сұраққа жауап алу мүмкін болмады.

Юүгінде жердің қожайыны кадастр бөлімінің басшысы болған Есенбеков Мұраттың атында дейді. Қолына құжаттарын ала алмай жүрген Бейбіттің айтуынша Мұрат келіп жерді сататынын ескертіпті. .Сол кезде ғана жердің егесі қалай ол болып шыққанына таң қалуда.. Қолыңнан келгенде қонышынан басқан басшы бүгінде қайда? Қалай өзгенің жері оның иелігіне өтті? Басшы болған тұста құжаттарды иемденіп алған ба? Бұл сұрақтардың жауабын құзырлы орындардан ала жатармыз.

Ендігі жерде Шымкент қалалық прокуратураның прокуроры Мақсат Қожабеков мырзадан қадағалаушы орган ретінде араласуды, қаншалықты заңды, заңсыз екенін айқындауды сұраймыз.

Ең сорақысы 1991 жылы тәуелсіздігімізді алсақ та бодандықтан құтыла алмай келеміз. Оған нақты дәлел ретінде төмендегі АКТ қағазын ұсынайық. Онда :

—Қазақ ССР Министрлер Советінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы №1235 қаулысы, Жер учаскесін сатып алу сатудың 2010 жылғы 6 қаңтардағы №727 үлгі шарты деп жазылған. Мемлекеттік АКТ-қа Сайрам аудандық жер қатынастар бөлімінің бастығы Қ.Медетов қол қойған.

Енді кімді «сауатсыз» дейміз? Басшы Медетов па? Бұндай «сауаттылықтан» арылмай кімнен нені талап етпек? Бүгінде Сайрам аудан әкімі мықты идеолог Садібеков мырзаға мына сауатсыздықтың жолын кесуді сұраймын. Сондай ақ, Шымкент қаласының әкімі Әйтенов мырза мен Нұр Отан партиясына, қалалық прокуротураға жол берілген заңсыздықтарды ретке келтіруді, егер де құжаттар ауыстырылып немесе қызметті асыра пайдаланғаны нақтыласа заңды жаза көрсетуді сұраймыз.

Бұл іс біздің редакцияның бақылауында болады.

А.Сулеева

 

Please follow and like us: