ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ САҚТАУ МАҚСАТЫНДА ҮШ ЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Жаңалықтар Қоғам Мәселе

Шымкент қалалық соты, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен ҚР «Рухани қоғам әлемі» қоғамдық қоры басшылары өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қою рәсіміне Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшісі басшысының м.а. Қ.Исламов, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова және ҚР «Рухани қоғам әлемі» қоғамдық қорының президенті Л.Қойшиева қатысты.

Меморандумның мақсаты – отбасылық қатынастар мен құндылықтарды сақтауға және нығайтуға бағытталған жағдайлар жасауға, сондай-ақ Шымкент қаласының АХАТ бөлімдерінде психологиялық кеңес беру арқылы ажырасудың алдын алу, некелік және отбасылық қатынастарда мәдениетті сақтаудың маңыздылығын түсінуге бағытталған.

Тараптар өзара ынтымақтастық бағыттары бойынша пікір алмасып, алдағы уақытта құжат аясында АХАТ органдарында «татуласу бөлмелері» құрылатынын, онда «Қазақстан әйелдері республикалық кеңесі» ҮЕҰ-ның Шымкент қаласындағы филиалы ажырасуға өтініш берген жұбайлармен кездесулер өткізетінін жоспарлап отыр.

Please follow and like us: