Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарЗаң және қоғам

Полицейлер ғимараттан кабель ұрлаған мекеменің қызметкерін анықтады

1.3kқаралым

Түркістан ҚПБ-ға облыс орталығында құрылыспен айналысатын мекемелердің бірінен арыз келіп түсті. Жәбірленуші тараптың айтуынша, олардың ғимараттарына белгісіз екеу ұрлыққа түсіп, 182 метрлік кабельді жымқырып кеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 800 000 теңгеге жуық. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.
Орын алған оқиға бойынша тәжірибелі тәртіп сақшыларынан қылмыстық істі ашу мақсатында бірден іске кірісті. Нәтижесінде осы жайтқа қатысы бар күдікті ретінде 2 ер азамат анықталды.
Белгілі болғандай, күдіктілер сол ғимаратта жұмыс істейтін қызметкерлер болып шықты. Олар алдын ала сөз байласып түңгі уақытта ғимаратқа заңсыз кіріп, 180 метрлік кабельді жымқырып өздерінің бас пайдасына жаратып жібергендері анықталды.
Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Please follow and like us: