Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарЗаң және қоғам

Полицейлер жоғалған 1 үйір жылқыны тәулік ішінде тапты

5kқаралым

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Арызданушы жайылымдық жердегі 13 бас жылқысының ұшты-күйлі жоғалып кеткенін айтады. Жоғалған жылқыларды тез арада табу үшін аудандық полиция бөлімінің тәжірибелі полицейлерінен бірнеше мобильдік топ құрылды. Олар ауылдың шығар жерлерін тексеріп, жылқылар жайылатын аймаққа қарай бірден бағыт алып іздестіруді бастап кетеді.
Ауыл-аймақтың барлық жайылымдық жерлеріне тінту жүргізіп, көрген-білген тұрғындардан сұрақ-жауаптар алады, сонымен қатар мал базарлар мен мал тасымалдайтын көліктер тыңғылықты тексерілді. Нәтижесінде, білікті полицейлер жылқыларды 30 шақырым жердегі көрші ауылдың жазық даласынан тауып, ауылға жеткізді.
Осылайша жоғалған 1 үйір бас жылқы иесіне тапсырылды. Жылқылар жоғалған сәттен бастап жедел әрекет етіп, ұры-қарының қолына түспеуіне септігі тиген полицейлерге тұрғынның айтар алғысы шексіз.
«Тәртіп сақшылары жылқыларымды күн-түнге қарамастан іздестіріп, тауып берді. Тәжірибелі полицейлердің арқасында жылқыларым дін аман табылып отыр. Алғысым шексіз. Рахмет сіздерге…» -деді мал иесі сақшыларға ризашылығын жеткізіп.

Please follow and like us: