ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫ ЖАЛҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ МАУСЫМ АЙЫНДА АЯҚТАЛАДЫ

Жаңалықтар
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қонаев даңғылы жалғасының І және ІІІ кезең жұмыстарының құрылысымен танысты. Құрылыстың қарқынды жүруі үшін қала басшысы әр екі аптада бір рет жұмыс барысын осылай пысықтап отырады.
Жол жөндеу жұмыстарының барысында бірінші кезекте сапасы сала мамандарының жіті қадағалауында болу қажет екенін айтқан қала басшысы техникалық қадағалаушылар тарапынан орындалған әрбір жұмысқа зертханалық сынақтамалар жүргізіліп, сапасы тексерілуін тапсырды.
Қонаев даңғылы жалғасының бірінші кезеңінің құрылыс жұмыстары 90 пайызға орындалып отыр. Яғни, жалпы ұзындығы 580 м болатын нысанның қазіргі таңда жол жамылғысымен бірге 400 метр жұмыстары аяқталған. Құрылыс белдеуінде тұрған 2 жеке меншік үйлерді мемлекет мұтажына алған жағдайда қалған 180 м құрылыс жұмыстрын аяқтау осы жылдың маусым айына жоспарлануда.
Жобаның үшінші кезеңі бойынша бүгінде 700 м екі бағытты айналма темір жолын, 948 м кәріз құбырын салу, 3,4 шқ. кабель желілерін, 24 темір жол электр бағаналарын және 2 дана жер асты жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату, темір жол өткелінің 24 дана свай құю, 6200м3 жер жұмыстары мен 2 дана темір жол көпірінің негізін құю жұмыстары орындалды. Қазіргі уақытта, мемлекет мұқтажына алынған үйлерді сүру жұмыстары жүргізілуде. Темір жол астынан өтетін жол өткелінің қазу жұмыстарын жалғастыру үшін Терешкова көшесінен темір жолға дейінгі нысандарды мемлекет мұқтажына қайтару қажет.
Стратегиялық маңызды нысан құрылысын аралап көрген қала әкімі бір күн де жоғалтпай жұмыс қарқынын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, Мұрат Дүйсенбекұлы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына жұмысты жеделдету амалдарын ойластырып, бұл бағытта барлық қолайлы жағдай жасауды міндеттеді.
Please follow and like us: