Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ШӨКЕЕВ: «ЖАҒДАЙДЫ ТҰРАҚТЫ ДЕП АЙТУҒА НЕГІЗ БАР»

9қаралым
Еліміздегі төтенше жағдай және ұзартылған карантиндік шаралар кезеңінде кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар мен өңірдегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тақырыбында брифинг өтті. Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұрбақыт Иманқұловтың сөзінше, өңірде азық-түлік тапшылығы, бағаның негізсіз өсуі байқалмайды.
«Пандемия — сауда объектілерінің қызметін уақытша тоқтата тұруына және халық тарапынан сұранысты шектеп, тауарлар бағасының өсуіне алып келгендігі белгілі. Дегенмен, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы күнделікті бақылауда. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру комиссиясы мен мобильді топ жұмысы жалғасып келеді. Жағдай тұрақты деп айтуға негіз бар»,- деді басқарма басшысы.
Статистикалық мәліметке сүйенсек, республиканың 19 ірі қалаларының ішінде Түркістан қаласының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға көрсеткіші бойынша 13-орында. 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өсуін болдырмау күн тәртібінен түспейтін мәселе. Бұл мақсатта тұрақтандыру комиссиясы тұрақты жұмыс істеуде. Мәселен, 2020 жылдың 24 қарашасындағы комиссия отырысының хаттамасына сәйкес, тұрақтандыру қоры арқылы баға сұрату тәсілімен қосымша 403,4 тонна азық-түлік тауарларын (қарақұмық жармасы — 50 тонна, қырыққабат — 101 тонна, макарон өнімдері — 32 тонна, картоп — 59 тонна, сәбіз — 101,8 тонна, құмшекер — 53 тонна, сиыр еті — 6,6тонна) алуға мемлекеттік сатып алу жарияланған.
Please follow and like us: