ШЫМКЕНТ: ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ КЕСТЕГЕ СӘЙКЕС ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жаңалықтар
Шымкент қаласында Д.Қонаев даңғылы мен Т.Рысқұлов көшесінің қиылысындағы жолайрық құрылысы кестеге сәйкес жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс барысымен танысты.
Бүгінгі күні, 1,92 км су, 1,82 км газ құбырлары мен 1,2 км электр және 0,6 км байланыс сымдарының орны ауыстырылды. Сонымен қатар, 400 метр тіреу қабырғалары құйылып, уақытша 7 дана электр бағаналары орнатылды және жер жұмыстары 85 000 м3, қуаттылығы 110 кВ электр желісін уақытша айналма желісіне қосу, Вл110 бағанасын демонтаждау – 1 дана, жаңадан салынған қысымы жоғары диаметірі 500 мм газ құбырын қолданыстағы газ құбырына қосу жұмыстары орындалды.
Ағымдағы айда жер асты өткелінің жер жұмыстары, қада құю және Рысқұлов көшесінің Қонаев даңғылынан Байтұрсынов көшесіне дейінгі аралықта жол бөлігінің жұмыстары жүргізілетін болады.
Қонаев даңғылын тоннель арқылы көліктердің қозғалысына ашу ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін, ал Рықұлов көшесін көпірдің құрылысымен бірге көліктердің қозғалысы үшін 1 қарашаға дейін ашу жоспарлануда. Жалпы жолайрықтың құрылысын 2021 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.
Бүгінгі күні инженерлік коммуникациялардың орнын ауыстыру жұмыстарына Рысқұлов–Қонаев көшелерінің қиылысындағы «Майсс» ЖҚБ нысаны кедергісін келтіруде.
Please follow and like us: