ШЫМКЕНТТЕ 6 500-ГЕ ЖУЫҚ ТҮЛЕК ҰБТ ТАПСЫРДЫ

Жаңалықтар Қоғам

Шымкент қаласында биылғы оқу жылын 172 мектептен 8 885 түлек бітірді. Оның ішінде Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыруға 6 845 түлек өтініш білдірген.

Түлектер тестті 21-30 маусым аралығында тапсырды. Өтініш білдірушілердің арасында ҰБТ тапсырғандар саны 6 468 болса, тапсырмағандар – 377.

Денсаулық жағдайына байланысты 8 түлек тестілеуге жіберілмеген. 182 талапкер рұқсат етілмеген заттарды алып кірмек болғаны үшін тестке жіберілмеген, 53-і тест кезінде ережелерді бұзғаны үшін шеттетілген. 134-і түрлі себептермен тестке келмеген.

308 талапкер – тамыз айында өтетін ақылы негізде өтетін тестке тіркеліп, тапсыратын болады. Ал 8 талапкер орта арнаулы білім беру (колледж) ұйымдарына түсуге ниет білдірген. 53 талапкер – 2020 жылғы қаңтар айында өткен ақылы негіздегі тестің қорытындысы негізінде ЖОО құжат тапсыратын болады.
Ғимаратқа кіргізу кезінде дене қызуының жоғары болуына байланысты 8 талапкер ҰБТ-ны 19-шілдеде тапсаратын болады.
Айта кету керек, ҰБТ тапсыру ешбір түлекке міндеттелмеген. Яғни, әрбір талапкер ЖОО орнына түсу үшін өз еркімен тест тапсыруға өтініш білдіре алады. Сондай-ақ, тест нәтижесін ЖСН арқылы тек өзі ғана көруіне мүмкіндік бар.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

Please follow and like us: