ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Жаңалықтар
Конкурстық комиссия шешімі негізінде, ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті «Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін уақытша атқарушы болып Шамшиева Нұргүл Ақылбекқызы тағайындалды.
Нұргүл Ақылбекқызы 1976 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы бойынша орыс тілі және әдебиеті, психология мен экономика ғылымдарының магистрі.
Еңбек жолын Қызылорда қаласындағы Ә.Молдағұлова атындағы № 173 орта мектебінде мұғалім болып бастаған. 2001-2015 жылдары – мектеп директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, ҚР Мәдениет министрлігінің жастар саясаты департаментінің жетекші маманы; Білім және ғылым министрлігінің жастар саясаты департаментінің жетекші маманы, бас маманы, Білім және ғылым министрлігінің стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментінің жетекші маманы, бас маманы, сарапшы, бас сарапшы, басқарма басшысы, директордың орынбасары, Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментінің директоры болып еңбек еткен.
Ал, 2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ақпараттық- талдау орталығы» АҚ Президенті қызметін атқарған.
Please follow and like us: