ШЫМКЕНТТЕ ЗАҢ КЛИНИКАСЫ АШЫЛДЫ

Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бекітілген 2017-2020 жылдарға арналған құқықтық ағарту саласын жетілдіру тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Шымкент қаласының Әділет департаментінің қызметкерлері жастар арасында «Street Law» қозғалысын дамыту шеңберінде Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетімен бірлесе, аталған жоғары оқу орнында Заң клиникасын ашты.
«Street Law» бөлімі халық арасында, әсіресе азаматтардың күнделікті өмірінде және жастар арасында адам құқығын қорғауға бағытталған жоба.
Аталған Заң клиникасында алдағы уақытта жоспарлы түрде факультет кураторының (оқытушының) басшылығымен «Заңтану», «Құқық қорғау қызметі», «Халықаралық құқық» мамандықтары бойынша оқитын жоғары курс студенттері Шымкент қаласының Әділет департаменті қызметкерлерімен бірлесе азаматтарға консультациялық құқықтық көмек көрсету мен қатар студенттер арасында семинар, дәрістер өткізуді көздейді.
Сонымен қатар халыққа және жастарға тегін құқықтық көмек көрсете отырып, құқықтық сауаттылықты арттыратын, студенттерге Заң мамандығының практикалық аспектілерін меңгеруге бағытталған оқу процесін қамтамасыз етпек.
Сонымен қатар, Заң клиникасы «Курстар» және «Кітапхана» айдарлары, мақалалар, презентациялар, бейнероликтер, әдістемелік ұсынымдар, жадынамалар, инфографикалар және т.б. қажетті ақпараттарға бағытталмақ.
Please follow and like us: