ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ ҰЗАРТЫЛДЫ

Жаңалықтар
Шымкент қаласында ауа температурасының төмендеуіне байланысты жылыту маусымы ұзартылды, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «орда.kz» ақпараттық агенттігі. Сәуір айының алғашқы күндерінде синоптиктердің болжауынша ауа температурасы түнде төмендеуі күтілуде. Осы себепті қала әкімінің өкімімен жылыту маусымы ұзартылып, бесінші сәуірде тоқтату туралы шешім шығарылды. Бұл жөнінде қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мәлім етті.
Олардың айтуынша, мәслихат қабылдаған жылыту маусымын өткізу ережесіне сәйкес жылыту маусымын 23 наурызда тоқтату керек болған. Бірақ, денсаулық сақтау басқармасына қарасты мекемелердің өтініштері мен қаладағы карантинге орай және ауа температурасының төмендеуіне байланысты ұзартылып отыр.
Ауа – райының төмендеуіне байланысты сақтық шараларын естен шығармай, карантин талаптарын қатаң сақтауды естен шығармаған жөн.
Ережеге сәйкес, ауа – райы бес тәулік бойы +8 градус және одан жоғары болған жағдайда жылыту маусымы тоқтатылуы тиіс. Айта кетейік, 2020 жылы жылыту маусымы бірінші сәуірде тоқтатылған болатын.
Please follow and like us: