ШЫМКЕНТТІК СТУДЕНТТЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЛАУРЕАТТАРЫ АТАНДЫ

Жаңалықтар
Польшаның Красичин қаласында «Krasiczyn Castlе melodies» халықаралық онлайн өнер байқауы өтті. Байқауда әлемнің әр түкпірінен барлығы 100-ге жуық өнерпаз бақ сынады.
Өнер додасына еліміздің атынан Шымкент қаласының Білім басқармасына қарасты Саз колледжінің студенттері қатысып, «Музыка теориясы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Атап айтсақ, колледж студенттері Балқадиша Жарылқасын, Ким Артем, Сейдуалы Серкебаев, Әмина Сымбат, Иродахон Исмаилова байқауда І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жеңімпаздар Қазақстанның халық әртісі, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойына орай композитордың әндерін шырқады.
Сондай-ақ, жеңімпаздарды жоғары деңгейде байқауға дайындаған «Музыка теориясы» бөлімінің ұстаздары Л. Сардарова, О. Дмитриева және З. Митрофанова арнайы дипломға ие болды.
Please follow and like us: