СОФЬЯ БЕРУЛЬЦЕВА – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Жаңалықтар Қоғам Мәселе

Біріккен  Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында каратэден әлем чемпионаты аяқталды. Әйелдер мен ерлер арасында каратэ WKF түрінен әлемдік сайысқа 105 ел қатысты.

Шымкент қаласынын спортшысы София Берульцева 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде 3-ші орынға ие болды. Жерлесіміз Франция, Украина, Түркия, Финляндия елінің спортшыларын жеңіп, жартылай финалға шыққан еді. Жартылай финалда Испания өкілі Мария Гарсияға ұпай санымен есе жіберді. Ал қола жүлдеге таласта сербиялық қарсыласынан басым түсті.

2021 жыл Софья Берульцева үшін табысты аяқталып отыр. Ол биылғы Токио олимпиадасында да ел қоржынына қола жүлдені салған еді.

Please follow and like us: