Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарЗаң және қоғам

Түркістан облысының полицейлері Шардара су қоймасынан заңсыз балық аулаған 2 браконьерді анықтады

5kқаралым

Шардара су қоймасында заңсыз балық аулаған кезекті браконьер ұсталды. Тексеру барысында анықталғандай, түнде жүргізілген рейдтік іс-шаралар кезінде Шардара АПБ табиғат қорғау полициясының қызметкерлері мен су ресурстарын қорғау жөніндегі инспекторлар бірлесіп, жағалауда қайықтың көмегімен балық аулаған 2 ер адамды анықтады.
Полиция қызметкерлері заңсыз балық аулаған жергілікті тұрғындардан резеңке қайық, балық аулау құралдарын және заңсыз ауланған 67 келі түрлі балық тәркіледі. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 335-бабы «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру» бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Түркістан облысының полицейлері табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны және ресурстарды заңсыз өндіргені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Please follow and like us: