Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарМәселе

ТҮРКІСТАН: ЖЫЛУ МӘСЕЛЕСІ – ӘКІМ НАЗАРЫНДА

796қаралым
Кентау қаласында орналасқан №5 жылу энергоорталығы қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Мемлекет басшысының былтыр желтоқсанындағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында елілімздегі жылу орталықтарын жаңғырту мәселесіне үлкен зейін бөлінді. Бұл бағыттағы жұмыстар Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының жіті бақылауында. Кентаудағы жылу орталығының жұмысын бақылау үшін бүгін облыс әкімі орталық басшысымен бірге стратегиялық нысанды аралап, жұмысшылармен жүздесті. Жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Көмір сапасын тұрақты назарда ұстауды жүктеді. Облыс әкімі өңірдегі жылу орталықтарының жұмысын бақылау, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау жөнінде тапсырма берді.
– Жылыту маусымына дайындық мәселесі тұрақты бақылауда болуы керек. Осындағы әрбір басшы, әрбір маман өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарса ғана ел қыстан қымтырылмай шығады. Жұмысқа жауапкершілікпен қарауды тапсырамын, – деді Дархан Сатыбалды.
Бірер күн бұрын мұндағы екі қазандық істен шығып, облыс әкімінің тапсырмасымен оны қалыпқа келтіруге барлық күш жұмсалды. Ақау бірнеше сағатта жөнделді. Жылу беру температуралық кестеге сай жұмыс істеп тұр. Орталық жылу жүйесі арқылы 70 мыңға жуық халық тұратын 14 мың абонент орталықтандырылған жылуға қосылған. Оның 100-ден астамы бюджеттік мекемелер болса, 336 көпқабатты тұрғын үй, 2 мыңнан астам жеке сектордағы үйлер. 4 мыңдай коммерциялық нысан аталған орталықтан жылу алып отыр.
Қазіргі кезеңде бу-газ турбиналы қондырғылар тиімді болып отыр. Бұл бағытта заманауи орталық салуға қызығушылық танытқан бірнеше инвестормен жұмыс жүргізіліп жатыр. Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды олармен кездесіп, ұсыныстар талқылануда. Жаңа жылу электр орталығы – тұтынушыларға бір мезгілде электр энергиясы мен жылуды бу және ыстық су түрінде бірге өндіріп беретін бу (газ) турбиналы электр станциясы. Заманауи ЖЭО беретін жылу қызған бу немесе ыстық су түрінде таратылады. Мақұлданған жағдайда жаңа жоба жылу орталығына жақын маңнан салынады.
Жылыту маусымын сапалы және үзіліссіз өткізу мақсатында Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, №5 ЖЭО негізгі және қосалқы қондырғыларын, төрт қазандығы мен турбогенераторды ағымдағы жөндеуге қажетті қаржы бөлінген. Ағымдағы жөндеу бойынша барлық жұмыс жүргізілді. Сонымен қатар, 2022-2023 жылдардағы жылу маусымына қажетті 90 000 тонна қатты отын (көмір), 700 тонна сұйық отын (мазут) және 20 тонна дизельге келісімшарт түзілген. Облыс әкімі қажетті отынмен толық қамтамасыз етуді тапсырды.
Айта кетейік, 1934 жылы салынған №5 ЖЭО негізгі материалдық жабдықтардың 85 пайызы тозған. Бүгінде Кентау қаласында жаңа жылу орталығын салу мәселесі қарастырылып жатыр. ЖЭО электр энергиясын өндіреді және Кентау қаласының тұрғындарын жылумен қамтамасыз ететін жалғыз стратегиялық нысан болып табылады.
Кентау – Түркістан облысындағы моноқаланың бірі. Мұнда 100 мыңнан астам халық қоныстанған.
Please follow and like us: