ҚАЛА ӘКІМІ «САЙРАМ» ТҰРҒЫН АЛАБЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Сайрам» тұрғын алабына барды. Шаһар басшысы әлеуметтік нысандар құрылысы және тарихи-мәдениет орындарының жағдайымен танысты. Бүгінде «Сайрам» тұрғын алабында 300 орындық жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. Құрылыс барысында атқарылған жұмыстар жалпы 70 %-ды құрайды. Бас мердігер – «Жаңа Арна 2002» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 2020 жылдың наурыз айында басталған еді. Мердігер мекеме құрылысты […]

Continue Reading

ШЫМКЕНТ: МҰРАТ ӘЙТЕНОВ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтарды онлайн режимде қабылдап, тұрғындардың баспана, әлеуметтік, инфрақұрылым және т.б., мәселелерін тыңдады. Шаһар басшысы мәселелердің шешімін табу жолында жұмыс атқарылатынын айтты. Онлайн қабылдауда Самал-3 шағынауданының тұрғыны Теңге Аришова баспана мәселесін көтерді. Алайда тұрғынның мұраға қалу шарты негізінде Самал-3 шағынауданы №498 тұрғын үйі тіркелгені анықталып отыр. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй […]

Continue Reading

ДӘСТҮРІМІЗДІ ДӘРІПТЕП, КИЕЛІ ҚҰТ ОРЫНҒА АЙНАЛҒАН ОРТАЛЫҚ

Еліміздегі жалғыз «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы Шымкент қаласында орналасқан. Дәстүрімізді дәріптеп, киелі құт орынға айналған бұл орталық 2014 жылы ел игілігіне берілген. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қалаға жасаған іссапары кезінде ашылуына арнайы қатысқан. Бұл мекеме республиканың өзге өңірлері мен облыстарында жоқ бірегей, ұлттың ұлт екендігін танытатын, оның өткені мен бүгінін сабақтастыратын орталық болып табылады. Мұнда салт-дәстүр, […]

Continue Reading

АБАЙ АУДАНЫНДА ЖАСЫЛ АЙМАҚ ОН ГЕКТАРҒА ҰЛҒАЙДЫ

Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес Абай ауданындағы жасыл аймақтың аумағы 10 гектарға ұлғайды. Онда «Шымкент-Ташкент» бағытындағы трассадан Ақжар тұрғын алабына дейінгі 3 шақырым жол бойының екі бағытына 10 000 түп; Құрсай шағын ауданындағы «Мұсылман мазаратының» аумағына 4 500 түп; Гулисман көшесінің бойымен Бадам өзенінің жағалауына 3 000 түп; «Шымкент-Түркістан» бағытындағы жол бойына 2 500 түп; […]

Continue Reading

ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ КЕСТЕ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Абай ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің ауласындағы қоқыс контейнерлері күніне 2 рет, жеке тұрғын үйлер аптасына 1 рет тазаланады. Биыл 258 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы мен 727 көшенің санитарлық және ирригациялық жүйелерін қоқыстан тазалау жұмыстары тиісті мердігер мекеме атқаруда. Бұл туралы аудан әкімі Б.Парманов баяндады. 453 көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы қатты тұрмыстық қалдықтар тасталатын 112 контейнер […]

Continue Reading

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ҚАЛАНЫ АБАТТАНДЫРУҒА АТСАЛЫСУДА

Түркістанның табиғи тынысына айналған қаланы қоршаған жасыл аумақта бүгінде миллионнан астам көпжылдық ағаш көшеттері жайқалып өсіп тұр. Қала аумағында терек, қайың, қарағаш, шаған, арша, үйеңкі секілді көпжылдық ағаштар егілді. Түркістан қаласында қызу жүріп жатқан көркейту және абаттандыру жұмыстарының барысы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің жеке бақылауында. Осы мақсатта Түркістан қаласы 32 секторға бөлінген. Әр аумаққа аудан, […]

Continue Reading

2000 ДАНА АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

«Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан мемлекеттік орман қорын молайту бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда. Бүгінде Түркістан облысының әкімдігі тарапынан 752 га жерді «Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен шығарып, Шымкент қаласының теңгеріміне өткізу қаулысы әзірленуде. Шымкент қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының мәліметінше, «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне […]

Continue Reading

ШЫМКЕНТТЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

Шымкент қаласында ағымдағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Алайда коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында сақтық шаралары күшейтіліп, алдын алу жұмыстары атқарылуда. ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің төрағалығымен өткен онлайн жиында Шымкент қаласындағы медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасы және эпидемиологиялық жағдай бойынша қала әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді. Қазіргі таңда қала тұрғындарына қызмет көрсететін 11 ПТР зертханасы жұмыс жасауда. Зертханаларда тәулігіне барлығы […]

Continue Reading

ЕМХАНАЛАРДА 4 ВАКЦИНАЦИЯ КАБИНЕТІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласында осы жылдың басынан бері COVID-19 ауруының 314 жағдайы тіркелді. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын 13 адам жұқтырған. Бүгінгі күні қалада 1 060 төсек – орын бар (жұқпалы – 560 төсек орын, карантиндік -500 төсек орын). Аталған төсек орындарда 144 науқас ем алуда. Төсек-орын толымдылығы 13% құрайды, яғни 916 төсек орны бос. Бұл туралы бүгін […]

Continue Reading

АБАЙ АУДАНЫ: МОБИЛЬДІ ТОПТАР КАРАНТИН ШАРАЛАРЫН САҚТАУ БОЙЫНША РЕЙДТЕРДІ ЖАЛҒАСТЫРУДА

Еліміздегі пандемияға байланысты Абай ауданында мобильдік топтар құрылып, нәтижелі жұмыстар жүргізуде. Бұл туралы бүгін Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов 2020 жылы атқарылған жұмыстар бойынша онлайн режимде халық алдында берген есебінде айтты. Бұхарбай Пармановтың мәлімдеуінше, Абай ауданы әкімдігі, жергілікті полиция, аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау қызметкерлерімен бірлесе жалпы 973 рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. […]

Continue Reading