ТАҚ МҰРА ЕМЕС ЖЫЛДАП ОТЫРАТЫН …

Жаңалықтар Журналистік Зерттеу Көкейтесті Қоғам Мәселе Редакция тыңдап тұр
ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ АСҚАТ АЙМАҒАНБЕТОВТЫҢ
НАЗАРЫНА!
Білім саласына өзіңіз басшы болып тағайындалған уақыттан бері біршама өзгерістер орын алып, жаңашылдықтың лебі байқалады. «Жас келсе іске» дегендей министр болды деген ақпарат тарағаннан бері желіде желдей ескен ақпараттар мен топқа бөлінушілік те қылаң берді. Менің айтпағым, мектеп басшылығында жылдар бойы отырып, сапаға мән бермей «мұрагерліктен» айырылмаудың амалына тосқауыл болу.
Мектеп басшылары көп отырмай ротация тәртібі бойынша ауыстырып отыруды ұсынамын. Мысалы:
Түркістан облысы Ордабасы ауданында «Төлепбаев» ЖОМ басшысы 18 жылдай уақыт басшылық жасаса, «Қызылжар» ЖОМ 18 жыл, «Төрткүл» ЖОМ 6 жыл, «Атамекен» ЖОМ 14 жыл (жаңа мектеп 2010 жылы салынғанда ескі мектептің басшысы ауысып, мектеп басшылығына иелік еткен), «Исламқұлов» ЖОМ 10 жыл, «Сейфуллин» ЖОМ 14 жыл, «Темірлан» ЖОМ 14 жыл, «Жамбыл» ЖОМ 13 жыл, «Ақбұлақ» ЖОМ 15 жыл, «Омаров» ЖОМ 10 жыл, «Әуезов» 8 жыл уақыт тапжылмастан мектепте басшылық еткен. Яғни, мектеп директорлары «әкеден қалған мұрадай» ауыспастан отыруының сыры неде?
Білім туралы заңда мектеп директорларының қызметінің уақытын шектеуді белгілеп айқындап алу керек-ақ… Неге десеңіздер, бұл біздің журналистік зерттеудің бір аудан бойынша ғана нәтижесі. Бұл барлық өңірлерде кездесетінін жасырмауымыз керек. Себебі, мектепте жылдар бойы басшылық етсе өзі таныс, көзі таныстарға сөздің өтпеуі, сапаның төмендеуіне әкеліп соғатынын ескеруіміз керек. Аудан әкімі мен аудандық білім бөлімінің басшысы арасында келіспеушілікке әкелетініне, сапаның төмендеуіне жауапкершілік емес «таққа талас» қана себеп деп білемін.
Келесіде өзге аудандар туралы тоқталатын боламыз.
Анара Амангелдіқызы Сулеева, Facebook парақшасынан.
Фото: Smartttop.kz
Please follow and like us: