ТҮРКІСТАН: ІІІ ТОҚСАНДА БІТІРУШІ СЫНЫПТАР ШТАТТЫҚ РЕЖИМДЕ ОҚЫТЫЛАДЫ

Жаңалықтар
2020-2021 оқу жылының ІІІ тоқсаны білім алушылардың, мұғалімдердің және басқа қызметкерлердің денсаулығын сақтау мақсатында мектептерде оқу процесі қашықтықтан оқытылады. Ал, бітіруші сыныптар санитарлық талаптарды сақтай отырып, штаттық режимде оқиды. Бұл жөнінде облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Мәдіханқызы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте атап өтті.
9 бен 11-сынып оқитын өңірдегі 66 401 оқушы негізгі пәндердің 70%-ын (математика, тілдер, физика, химия, тарих, география, биология, дене шынықтыру) штаттық режимде, 30% (информатика, құқық негіздері, өзін-өзі тану, еңбек) қашықтықтан білім алуды жалғастырады. Сонымен қатар, мектеп әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта үлгерімі төмен 5 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға дайындық жұмыстары жүргізіледі.
«Облыс аумағындағы жалпы 918 мектепте 24317 компьютер қолдануға жарамды. Облыстағы барлық оқушылар саны – 499975. Мектептердегі компьютерлерге қажеттілікті жою үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражатынан 57190 (7711 планшет, 5952 компьютер, 43527 ноутбук) компьютерлік құрылғы сатып алынды»,- деді ол.
Жалпы оңтүстік өңірдің оқушыларына 24 317 компьютер мектеп қорынан, 1539 компьютерлік құрылғы жергілікті бюджет есебінен, 1445 компьютер «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер есебінен берілген. Ноутбуктер мен компьютерлер аудан, қалалардың білім бөлімдеріне жіберілген.
Айта кетейік, білім беру ұйымдарында қаржы жетіспеу салдарынан туындаған кейбір аудандардағы мәселелерді шешу жолдары да қарастырылуда. Тиісті қаржы
2021 жылдың қаражаты есебінен бірінші кезекте қарастырылып, есепшоттарына аударылатын болады. Аталған мәселелер Кентау қаласы, Сайрам ауданы, Сарыағаш және Келес аудандарында бар.
Please follow and like us: