ТҮРКІСТАН: ҚҰТҚАРУШЫЛАР ӘЖЕТХАНАҒА ҚҰЛАП КЕТКЕН БАЛАНЫ ҚҰТҚАРДЫ

Жаңалықтар Қоғам Мәселе

Түркістан облысы Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекенінің тұрғыны ағымдағы жылдың 23 қаңтары күні «112» қызметіне қоңырау шалған. Мәлім болғанындай, жеке үйдің ауласындағы әжетханаға 6 жасар бала құлап кеткен. Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖД-ң 5 құтқарушысы және жедел жәрдем қызметінің 3 қызметкері көмекке шыққан. Құтқарушылар 4 метр тереңдікке құлап кеткен баланы сағат 14:14-те арқан арқылы тартып алып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған. Баланың жағдайы бір қалыпты зардап шекпеген.

Please follow and like us: