ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ ӨТЕТІН ДӘСТҮРЛІ МЕРЕКЕЛІК ШАРАЛАР КЕЛЕСІ ЖЫЛҒА АУЫСТЫРЫЛДЫ

Жаңалықтар
Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады. «Қазіргі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Жеңіс күніне орай өтетін дәстүрлі мерекелік шараларды келесі жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Президент отандастарымызға арнайы құттықтауын жолдайды. Қазақстанда Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің есімі ерекше құрметтеледі. Мемлекет басшысының өкімімен Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай соғыс ардагерлеріне материалдық көмек көрсетілді» делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатыспайтындығы туралы хабарланған еді.
Please follow and like us: