ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖАРЫҚ УАҚЫТША СӨНДІРІЛЕДІ

Жаңалықтар
Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес, қазіргі таңда Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысында жолайрық салу жұмыстары жүргізілуде.
Жобаға сәйкес, қуаттылығы 110 кВ электр желісінің орнын ауыстыру жұмыстары қарастырылған. Құрылысты жалғастыру үшін 110 кВ электр желісін уақытша айналма желісіне қосу қажет.
Аталған жұмыстар жоспар бойынша 2021 жылдың 18 сәуірі күні сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін жүргізіледі. Бұл электр желісінен Шымкент қаласының Отырар, Солтүстік, Сайрам, Шығыс, Азат, Мирас, Ұлағат, Нұрсәт, Спорт, Наурыз, Шапағат, Солтүстік-Шығыс, Тараз, Бам, шағынаудандарында және Қонаев, Тәуке хан, Қазыбек би, Ілияев, Адырбеков, Жібек жолы, Рысқұлов, Арғынбеков көшелерінде орналасқан ғимараттар, сондай-ақ, әлеуметтік нысандар электр қуатымен қамтамасыз етілген. Осыған байланысты аталған шағынаудандарда, көшелерде электрэнергиясы толығымен сөнеді.
Сонымен қатар, электр желісін уақытша айналма желіге қосу кезінде Түркістан облысының Арыс және Ордабасы ауданында жарықтың сөну ықтималдығы туындап отыр.
Осыған орай жоғарыда аталған аудандарда қуаттылығы 110 кВ Л-141, Л-142 электр желісімен қамтамасыз етілген ғимараттар, әлеуметтік нысандар және маңыздылығы жоғары мекемелерде өшіріп-қосу жұмыстары кезінде электрэнергияның сөнетіні туралы қала тұрғындарын ақпараттандыруды және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Please follow and like us: