ЗОРЛЫҚ ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ ДЕЙМІЗ….БІРАҚ???

Заң және қоғам Қоғам Құқықтық көмек Мәселе

«НЕМОЛЧИ» қоры мен Шымкент қаласының полиция департаментінің басшысы генерал-майор Жұмаханбетовтың, денсаулық сақтау вице-министрі Лазат Ақтаеваның жеке бақылауына алынған мына жәйт ешкімді бей жай қалдырмасы анық.26 мамырда екі баланың анасын үйіне жақын маңда топтасып ұрып соққан. Онымен қоймай зорлық зомбылық жасалған деген де болжам бар.

(суреттер желіден алынды)

Адамнан осынша озбырлық шығатына ешкім сене қоймас. Дегенмен, целофан пакетпен тұншықтырып, әбден ұрып соғып, қабырғасын сындырып, жақтарын да сындырған екен. Ауыздағы тістерінен бірде бір тіс жоқ дейді, миы қатты шайқалған  өлді деп ойласа керек бетін талдардың бұтағымен жауып кетіпті.

Күйеуі мен балдары тек қалы мен киімдерінен таныған. Әбден есеңгіреген ананың жағдайы бақылауда десек те азғындарға кешірім жоқ. Осыншама озбырлық көрсететіндей, зорлық зомбылықтың да шегі болатын шығар?

 

Please follow and like us: